05 Мамыр, 2015

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы №250

508 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2015 жылғы 31 наурыз , Астана қаласы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 464-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлері белгіленсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д. Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.СҰЛТАНОВ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығына қосымша Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін бекіту туралы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарлардың сипаттамасы мен санына, сондай-ақ тауарларды өткізу жиілігіне байланысты, жеке пайдалануға арналған тауарларға, егер: 1) мұндай тауарлар: шикізат; тауарларды өндіру үшін арналған, жартылай фабрикаттар; жиынтықтаушы бұйымдар болып табылса; 2) олардың саны мынадай көрсеткіштерден асса: киiм және киім заттары – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 2 (екi) зат; төсек-орын керек-жарақтары – бiр адамға бiр түрдегi 2 (екi) жиынтық; кілемдер және басқа еденге жаятын тоқымалар – бiр адамға бiр атаудағы 2 (екi) зат; бас киiмдер – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 2 (екi) зат; аяқ киiм – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 2 (екi) зат; ан терісінен жасалған бұйымдар - бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат; былғарыдан жасалған бұйымдар - бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат; дәретханалық керек-жарақтар мен парфюмериялық-косметикалық бұйымдар - бiр адамға бір атаудағы 3 (үш) зат; тамақ өнiмдерi – бiр адамға 10 (он) килограмм; ұялы телефон – бір адамға 2 (екі) бірлік; планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік; портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 2 (екі) бірлік; тұрмыстық техника және электр аспаптары – бiр адамға әр атаудағы 1 (бiр) зат; зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 (бес) зат; велосипед – бiр адамға 1 (бір) дана; бала арбасы – бiр адамға 1 (бір) дана; жеке пайдалануға арналған жоғарыда аталмаған басқа да заттар - бiр адамға әрбiр атаудағы 2 (екi) зат; 3) кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның және өту (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бip) реттен аспайды. 2. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер олардың саны жылына 1 (бір) бірліктен асса кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады. 3. Көрсеткiштер бұрын пайдалануда болған тауарларға (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда) қатысты қолданылмайды. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 16 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 10738 болып енгізілді.